USD 479.38
EUR 531.63
RUB 5.27
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қатысты рақымшылық кімге арналған?!

  • 03.қараша.2021, 11:49,
  • 130

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты мыңға жуық адам рақымшылықпен бостандыққа шығады. Бұл туралы Мәжілісте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Ерлан Тұрғымбаев спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" заң жобасы әзірленгенін хабарлады. Заң жобасының мақсаты – жеңіл және орташа ауыр қылмыстар үшін жазаны өтеуден босату, сондай-ақ кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту.


"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да тұлғаларға қатысты қолданылатын болады", – деп атап өтті министр.


Оның мәліметінше, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам отыр, оның ішінде 30 мың сотталған адамға сот үкімі шығарылды, 4000 қамауға алынды және тергеуде жатыр. Олардың 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, шамамен 45%-ы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, 32 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.


"Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылық жасауға 2236 сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адам тартылады. Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ 3,8 мың адам пробация қызметінің есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қолданылатын болады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен астам адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады", - деп түйіндеді ІІМ басшысы.


Аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау көзделмеген.


Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында заң жобасының нормалары азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды босату есебінен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санын азайтуға, осы заң жобасын қолданысқа енгізгенге дейін жасалған қылмыстар туралы соттарда қаралмаған қылмыстық істерді тоқтатуға мүмкіндік береді деп айтылған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.10.2021
05.10.2021
01.10.2021
25.08.2021
29.01.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30