USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекеттік қызмет көрсету жағынан қалып қойған министрліктер анықталды

  • 25.қазан.2021, 11:42,
  • 180

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жағынан артта қалған министрліктерді атады.

Оның айтуынша, министрлік электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша орталық мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайын бағалау жүргізеді.


Ол мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігін және электрондық қызметтерге қол жеткізуге әсер еткен ақпараттық жүйелердің істен шығуын есепке ала отырып жүргізіледі.


"Көбінесе электрондық қызметтердің жұмыс сапасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне байланысты болады. Мысалы, 2020 жылы 200 сағаттан астам үзіліс тіркелді. Антилидерлер - Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері", - деп хабарлады Бағдат Мусин Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.


Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін министрлік жанындағы цифрлық трансформация орталығы қызметтерді банктердің танымал қосымшаларына шығарады. Мысалы, қазір қазақстандықтар сол жерде көлікті тіркей алады немесе қайта тіркеуден өте алады.


"Мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға шығару процесті айтарлықтай оңтайландыру мен автоматтандыруға, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен шығындарын үнемдеуге әсер етті. Бұл жағдайда автокөлікті сатып алушыға да, сатушыға да өтініш беру үшін ХҚКО-ға барып, кезек күтудің қажеті жоқ. Бұл тәсілдер пандемияны ескере отырып, аса маңызды", - деп атап өтті министр.


Бұған дейін ол 2 мыңға жуық мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді болатынын хабарлаған болатын.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2021
16.06.2021
26.01.2021
17.11.2020
20.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031