USD 475.09
EUR 551.06
RUB 5.87
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бастығының бұрынғы орынбасары жаңа лауазымға тағайындалды

  • 22.июля.2021, 14:30,
  • 2 165

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды. 

Азаматтық қорғаныс полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы болып тағайындалды. (...) Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған, делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырып, оның алдына нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың санын азайту бойынша.

Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесінде инженер болып бастаған.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол азаматтық қорғау саласының уәкілетті органында әртүрлі басшылық қызметтерде болды.



#ТЖД #тағайындау #Нұр-Сұлтан #елорда 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930