USD 521.81
EUR 543.67
RUB 5.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев ТМД елдер арасында вакцина паспорты жайында ұсыныс тастады

  • 15.қазан.2021, 17:24,
  • 173

Қазақстан тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және вакциналарын жеткізуге дайын, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында.

"Біз терең өзгерістердің куәсі болып, әлемдік дамудың күрделі кезеңін бастан өткеріп отырмыз. Геосаяси қарама-қайшылықтар өсуде, әлемдік экономикада турбуленттілік сақталуда, гуманитарлық және экологиялық проблемалар көбеюде. Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы үлкен зиян келтірді. Осы сын-қатерлерді жою және одан әрі өсуді қамтамасыз ету үшін біз күш-жігерімізді біріктіріп, тиімді шаралар қабылдауға тиіспіз", - деді Тоқаев.


Оның айтуынша, қиын кезеңде ТМД мемлекеттері бір-біріне қажетті қолдау мен көмек көрсете отырып, бірлік пен ынтымақтастық танытты.


"Мұнда Ресей өте маңызды рөл атқарды. Біздің елдеріміз коронавируспен күресте жақсы тәжірибе жинады. Оның ішінде вакцинаны әзірлеу саласында. Халықты жаппай иммундау ғана жағдайды өзгертуге және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анық", - деді Мемлекет басшысы.


Президент Қазақстан әзірлеген QazVac-тың жоғары тиімділік көрсетіп отырғанын және елдерге гуманитарлық көмек ретінде жеткізілгенін еске салды. Бұдан басқа, QazCovid-in-нің жаңа препараты клиникалық сынақтардан сәтті өтуде.


"Тағы үш вакцина клиникаға дейінгі сынақ сатысында тұр. Біз халықаралық деңгейде лайықты сенімге ие ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығаруды жалғастырамыз. Сіздердің елдеріңіз де осы салада белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын білемін. Қазақстан тығыз ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және өз вакциналарын жеткізуге дайын. Сондай-ақ ТМД кеңістігінде вакцина паспорттарын өзара тануды жеделдетуді ұсынамын. Бұл – өзара сенім мен ынтымақтастықтың маңызды тұсы. Осындай шешімді қабылдай отырып, біз азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз", - деді Қазақстан Президенті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.09.2021
17.09.2021
19.07.2021
23.09.2020
12.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031