USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы ШЫҰ отырысында Ауғаныстан жөнінде ұсыныс айтты

  • 17.қыркүйек.2021, 17:57,
  • 147

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бүкіл әлемде және Душанбедегі саммит алаңдарында кеңінен талқыланып жатқан ауған мәселесіне арнайы тоқталды.

– "Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды. Тағдырдың тәлкегіне түскен осындай тарихи сәтте көпұлтты Ауғанстан халқы шектен тыс қиыншылықтармен бетпе-бет қалмауға тиіс. Ықпалы зор ШЫҰ бұл елде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруы үшін белсенді рөл атқара алады және атқаруы қажет деп санаймын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана қазіргі қауіпке қарсы күресте өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан өз тарапынан деструктивті идеология ағынының, есірткі тасымалының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшудің жолын кесу үшін өңірлік серіктестерімізбен арадағы ықпалдастықты кеңейтеді", – деді Президент.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық проблемаларды бастан өткеріп отырған Ауғанстанға барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.


– "Қазақстанның инфрақұрылымдары мен логистикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Ауғанстанға халықаралық көмек жеткізу үшін Алматыда ШЫҰ-ның гуманитарлық "хабын" ұйымдасыруды ұсынамыз. Бұл қадам аймақтағы өткір мәселелерді шешу ісіндегі біздің Ұйымның рөлін арттыруға, сондай-ақ, БҰҰ мен басқа да халықаралық құрылымдардың қызметіне үйлесімді түрде атсалысуға ықпал ететініне сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930