USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жоғарғы сот бірнеше сотталғандарды ақтады

  • 15.қазан.2021, 15:46,
  • 150

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа отырысының қорытындысы бойынша екі қылмыстық іс оңалту құқығы таныла отырып тоқтатылды, үшінші іс бойынша сотталушының әрекеті қажетті қорғаныс шегінен асу бабына қайта сараланды.

Ғ.Есіркепов пен А.Аманбаевтың істері бойынша


Есіркепов жалған есеп-шоттарды әзірлеуге (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы) оқталуды ұйымдастырғаны, ал Аманбаев – аталған әрекеттерге (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 216-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы) көмектескені үшін кінәлі деп танылған.


Осы ретте азаматтарды құқық бұзушылық жасауға итермелеуге тыйым салатын заң талаптары бұзылған.


Сотталушылардың сотта берген жауаптарына сәйкес, олар бастапқы бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері бойынша қызмет көрсететіні туралы хабарламаны сайтқа жариялаған. Жалған есеп-шоттарды дайындап беру туралы ер кісі өтініш білдіргендіктен, олар өзара келіскен. Олар мұндай әрекетті бұрын-соңды жасамаған. Жауаптарын растайтын дәлелдерін де қоса ұсынған.


Қылмыстық әрекетті қолдан жасауға жасауға тырысқан Мемлекеттік кіріс департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері сотталушылармен 24 мамырда сөйлескен, ал сотталушылар жалған құжаттарды ЖШС-дан тек 30 мамырда алғаны анықталған. Яғни, ұсыныс білдіргенге дейін Есіркепов пен Аманбаевтың кәсіпкерлік субьектісіне қатысы болмаған және заңға қайшы әрекетпен айналыспаған.


Іс бойынша қылмыстық әрекетті қолдан әдейі ұйымдастыру орын алған. Мемлекетке шығын келмеген.


Кассация осыны негізге ала отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты. Есіркепов пен Аманбаевтың оңалту құқығы танылды.


Ж. Иманғалиеваның ісі бойынша


Иманғалиева абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін (ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танылған. Оған тағайындалған жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге шегерілген.


Іс бойынша Иманғалиева дәмхананың би алаңында өзіне бейтаныс жәбірленушіні итеріп жібергені анықталған. Салдарынан жәбірленуші қыш еденге құлап, бас ми сүйегінің зақымдануынан қайтыс болған.


Кассация Иманғалиеваның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ деген қорытындыға келді.


Масаң күйдегі жәбірленуші бірнеше рет Иманғалиеваға тиіскендіктен, ол өзін қорғау кезінде абайсызда жәбірленушіге зиян келтірген. Мұндай әрекеттер заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайды.


Кассация Иманғалиеваның оңалту құқығын тани отырып, істі тоқтатты.


Б.Орымбаевтың ісі бойынша


Орымбаев кісі өлтіргені үшін (ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі) 9 жылға сотталған.


Кассация істі зерделей келе, Орымбаев қажетті қорғану шегінен асыра әрекет жасаған деген қорытындыға келді.


Жәбірленуші танысы Орымбаевпен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін одан ішімдік үшін ақша алып, пәтерге қайтып келмеген.


Келесі күні Орымбаев оқиғаның себебін білуге келгенде, жәбірленуші оның бетінен баспен ұрып, одан соң пышағын алып, өлтіремін деп қорқытқан. Орымбаев оның пышағын тартып алып, оның өзіне бір рет сұғып алған. Сосын Орымбаев онымен ұрсысып, кетіп қалған. Біршама уақыттан кейін жәбірленуші қайтыс болған.


Орымбаев пен жәбірленушінің бұрын-соңды бір-бірін жақтырмау сезімі болмаған, керісінше сыныптастар ретінде жақсы араласқан. Орымбаев жәбірленушінің үйіне ешқандай қарусыз, құралсыз келген. Сотталушыдан дене жарақаттары табылған.


"Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы" Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында егер қажетті қорғану озбырлыққа қарсы бірден қарсы орын алып, оның аяқталуы қорғанған адамға сол сәтінде түсініксіз болған жағдайда қажетті қорғану деп танылатыны белгіленген.


Оқиғаның тез өрбігені соншалық, қорғануға мәжбүр болған Орымбаевқа жәбірленушінің озбырлығы немен аяқталатыны түсініксіз болған.


Кассация осы ретте Орынбаевтың әрекетін ҚК-нің 102 бабына (қажетті қорғану шегінен шығу салдарынан болған кісі өлімі) қайта саралап, оны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Жаза мерзімін өтегені ескеріле отырып, Орымбаев күзетпен ұстаудан бірден босатылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.08.2021
27.05.2021
26.01.2021
13.09.2020
27.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031