USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қоғамдық кеңестердің порталы іске қосылды

  • 04.қазан.2021, 17:11,
  • 128

Қоғамдық кеңестер қызметін дамыту үшін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі арнайы сайт жасады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев мәлімдеді.

Орталық директорының айтуынша, қазір қоғамдық кеңестердің едәуір бөлігінің "белгілі бір дәрежеде аса белсенділік танытпайтыны" байқалады. Бұл, бәлкім, бір жағынан, қоғамдық кеңес мүшелерінің әрекетсіздігіне қатысты болуы мүмкін. Екінші жағынан, олардың қызметі туралы ақпарат жеткіліксіз.


"Осы тұрғыда біз заңнамада қарастырылғандай, барлық қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпарат беретін бірыңғай алаң ретінде АҚДМ-ның kazkenes.kz бірыңғай порталын құру туралы бастамасын құптаймыз", - деді Ошакбаев.


Оның айтуынша, бұл портал жақын арада өз жұмысын бастайды.


"Бұл кең жұртшылыққа, ең алдымен журналистер қауымына әртүрлі деңгейде қаралатын мәселелердің жиналыстағы хаттамасына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Жұртшылық та, бұқаралық ақпарат құралдары да пайдалана бастауы және порталдың маңызды және сенімді ақпарат көзіне айналуы үшін біраз уақыт қажет", - деп атап өтті спикер.


Ол бұл порталдың мазмұны қоғамдық кеңестер хатшыларының, қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенділігіне байланысты болатынын қоса айтты.


Оның көзқарасынша, бұл институттың дамуының келесі кезеңінде бүкіл республиканы қамтитын, кемінде жыл сайын немесе тоқсан сайын үлкен кездесулер, тренингтер өткізу маңызды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.07.2021
23.06.2021
16.06.2021
02.11.2020
27.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930