USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Astana LRT: Сотталушылардың барлығы дерлік аштық жариялады

  • 28.қыркүйек.2021, 10:11,
  • 128

Astana LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр. Барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отырғандар.

Аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен. Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты.


Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері "НурТрейд" серіктестігінің директоры болған. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр.


Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты. Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.


Ақтоты Бекенова, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы:


- Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-сСлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.06.2021
28.05.2021
17.05.2021
06.05.2021
10.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031