"Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев пен Ауғанстанның уақытша үкіметі құрамында сыртқы істер министрі міндетін атарушы Әмір Хан Муттаки кездесуінде ауған халқына көрсетілетін азық-түлік және басқа да гуманитарлық көмек мәселелері талқыланды", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
![]()
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы қазақстандық тарапқа өтпелі ауыр кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге дайын екендігі үшін алғысын білдірді.
"Қазақстандық дипломаттың айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін растайды, бірінші кезекте көршілермен және аймақтағы мемлекеттермен, сондай-ақ олардың тарапынан қандай да бір қауіптің туындауына жол бермеуге дайын. Қазақстанның сыртқы саясаты, әсіресе ауғандық бағытта құрметке ие екені айтылды", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Талибан - Қазақстан аумағында және әлемнің басқа да бірқатар елдерінде тыйым салынған ұйым. 15 тамызда "Талибан" радикалдықозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағына толық бақылауына алғанын жариялады.