12 мамыр 2025, 21:33
USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Иранның жаңа президентімен кездесті

  • 17.қыркүйек.2021, 14:21,
  • 193

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды жоғары бағалады.



– "Бұл – біздің алғашқы кездесуіміз. Осы жүздесу біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Иран – біздің Каспий өңіріндегі тату көршіміз және ислам әлеміндегі жақын серіктесіміз. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде артып келеді", – деді Мемлекет басшысы.


Өз кезегінде Ибрахим Раиси сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны және ұлықтау рәсіміне арнайы делегация жібергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.


– "Иран мен Қазақстанның өзара ынтымақтастығы жан-жақты қалыптасқан. Әрине, әлеуеті жоғары байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз осы ықпалдастықтың бастауы боларына сенемін", – деді Иран Президенті.



Сонымен қатар кездесуде тараптар биыл сауда-экономика бағытында оң үрдістер байқалғанын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-саттықты одан әрі арттыруға және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.


Кездесу соңында Мемлекеттер басшылары өзара сапар алмасуға келісті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.06.2021
19.04.2021
11.03.2021
21.01.2021
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031