"Мемлекет басшысының Жарлығымен Трұмов Серікбай Өтелгенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми сайтында.
Бұған дейін ол Маңғыстау облысының әкімі болған. Аталған өңірге Энергетика экс-министрі Нұрлан Ноғаев барды.
Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
- В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты (1992), инженер-құрылысшы
Мансабы:
1981-1990 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде әр түрлі қызметтерде болған;
1990-1994 жж. – "Маңғышлақауылқұрылыс-12" тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;
1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;
1995-2004 жж. – "Түпқараған" ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;
2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
2015-2017 ж.ж. - Ақтау қаласының әкімі;
2017 жылы қараша айында алтыншы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды;
2019 жылдың маусым айынан бастап Маңғыстау облысының әкімі.