"Дельта штаммның" таралуына байланысты аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Республикамызда аурушаңдық деңгейі айтарлықтай өсті. Ауруханадағы төсек-орындардың науқастарға толу деңгейі 56%, жан сақтау бөлімінде - 44%, - деді Үкімет басшысы.
Асқар Мамин вакциналау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллион адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 4 миллион адам екіншісін алды.
"Ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын жүргізуде, 2 тамыздан бастап өңірлерде күшейтілген карантиндік шаралар күшіне енді. Барлық қабылданған карантиндік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін Ashyq жобасы кәсіпкерлерге карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - деді Премьер-министр.
Ол облыс әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ауруханалардың, екпе пункттерінің, мобильді топтардың, ПТР зертханаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай -ақ, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне карантиндік-санитарлық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын арттыруды тапсырылды.