USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қосшы қала статусына ие болды

  • 27.июля.2021, 09:49,
  • 130

Тоқаев жарлыққа қол қойды. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, 2020 жылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы енді ауыл ретінде өмір сүре алмайтынын, елді мекен облыстық маңызы бар қала бола алатынын мәлімдеді.

2021 жылғы сәуірде Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы Президент Жарлығының жобасы жария талқылауға шығарылды.

Қосшы ауылы - Целиноград ауданы аумағында орналасқан елді мекен. Жалпы ауданы - 2 413 гектар. Қосшы ауылы елорданың оңтүстік-батысындағы ең ірі елді мекендердің бірі саналады.



#Қосшы #қала #мәртебе #Тоқаев #жарлық #қаулы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2021
13.05.2021
15.01.2021
21.10.2020
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031