USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Вакцинаны сақтау режимін бұзғандар шығынды өтеуі керек - ҚХП депутаттары

  • 22.июля.2021, 19:13,
  • 194

Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) депутаттары өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинаның дұрыс сақталмауына байланысты жағдайды тергеуді талап етті. 

ҚХП Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратурадан вакцинаны дұрыс сақтамау дерегін тексеруді, кінәлілер келтірілген залалдың орнын толтыруын және тиімсіз вакцина егілген осал науқастарға көмек көрсетуді талап етеді.

Мәжіліс депутаттары ҚХП атынан арнайы бейнеүндеу жолдады.

"Президенттің өңірлерде вакцина дұрыс сақталмағаны туралы айтқаны бізді қатты алаңдатады. Денсаулық сақтау министрлігінен бұл қайда және қалай болғанын, кімнің кінәсінен және вакцинаны алған адамдарға не істеу керегін нақты түсіндіруді сұраймыз. Вакцинаның тиімділігі дұрыс емес тасымалдауға байланысты төмендейді. Яғни, олар әлі де вирус жұқтыруы мүмкін", - деді ҚХП депутаттары.

Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің айтуынша, Бас прокуратура бұл мәселемен айналысуы керек: кінәлілерді тауып, осындай жағдайдың қайталануына жол бермеуі керек. Вакцинаны сақтау режимін бұзған жауапты мамандар оған жұмсалған шығындарды өтеуі тиіс.


"Адамдарда кепілдік болуы керек. Денсаулық - бұл бізде бар ең құнды нәрсе. Мемлекет халықты коронавирустан қорғауы керек", - деді ҚХП депутаты.



#вакцина #екпе #коронавирус #пандемия #ҚХП

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2021
05.05.2021
07.04.2021
07.04.2021
28.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031