USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден озды

  • 15.июля.2021, 10:52,
  • 108

Қазақстанның бас мүфтиі болған, шығыстану саласының белді ғалымы Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден озды. 

Бұл туралы саясаттанушы Ерлайын Сайыров Facebook-тегі парақшасында жазды.


"Әбсаттар Дербісәлі қажы дүниеден өтіпті. Қазақтың рухани әлеміне, ғылымына еңбегі зор азамат! Иманды болсын. Жаны жәннатта болсын", делінген қаралы жазбада.


Айта кетсек, ғалымның ауруханада жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқаны алдында хабарланған болатын.

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, 1-сыныпты кеңесші, дипломатиялық лауазым иесі.

1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған. 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).

1975 - 1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті.

1976-1977 жылдары ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.

1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі.

1986-1988 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы.

1991-1997 жылдары Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.

1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші, дипломатиялық лауазым иесі.

2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып тағайындалды.

2007 жылы Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы болды.

2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.

1977 жылы "Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері" деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 жылы "VIII - XX ғасырдағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Иешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды.

Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.

ҚР халыққа білім беру министрлігі жанындағы шығыстанушылардың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы, КСРО Шығыстанушылар Ассоциациясы Қазақ бөлімінің бюро мүшесі, КСРО Ғылым Академиясы Шығыс әдебиетін үйлестіру кеңесінің, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақтың шет елдермен достық қоғамы Қазақ-Араб бөлімінің төрағасы болды. КСРО Халыққа білім беру мемлекеттік комитетінің Құрмет Грамотасымен (1984) марапатталған.

ҚазМУ-дің әл-Фараби атын алуына үлкен еңбек сіңірді, Республикамыздың мемлекеттік 10 университетінің "Құрметті профессоры", Халықаралық "Араб тілі" Ғылым Академиясының (Каир) академигі. Дербісәлі республикалық арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылыми докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Ол алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де араб бөлімі мен Шығыс тілдер кафедрасын және шығыстану факультетін ұйымдастырып, оның тұңғыш меңгерушісі және тұңғыш деканы болды.



#Қажы #Басмүфти #өлім #қаза #ӘбсаттарДербісәлі

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930