USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Біртанов қорғаушысының сөзінше, "ақша ұрлау мүлдем болған жоқ"

  • 08.июля.2021, 16:45,
  • 153

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко бұл істе ақша ұрлау деген мүлдем болмағанын айтты. 

"Тергеу аяқталды. Аяқталуға бес күн қалғанда, айыптау түрі "ақша жымқырудан" "қызмет өкілеттігін теріс пайдалануға" ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейін, тергеу 2020 жылдың мамырында басталған, яғни 14 ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына ақша жымқыру айыбы тағылған, алайда ақырында бұл олай болмай шықты, оны агенттіктің өзі мойындады ( ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі. - ред.) Ал біз әрі Біртановтің өзі де қылмыс болған жоқ деп үнемі айтып жүрдік. Оның ішінде ұрлық та. Діттеп келгенде, агенттік біздің басымызды өтірік қатырған болып шықты, ақша ұрлады деп. Сол үшін менің қорғауымдағы адамды ұстады, тергеу изоляторына қамады және ақша сегіз ай бойы үйқамақта ұстады, ал ақырында осыларының бәрінен түк шықпады", - деді Дмитрий Куряченко.


Оның айтуынша, "ол жерде қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану деген де болмаған".


"Менің қорғауымдағы Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындамайды. Тергеу көптеген заң бұзушылықтармен және біржақты жүргізілді. Мұның бәрі сотта дәлелденетін болады", - деді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.07.2021
06.05.2021
22.02.2021
20.01.2021
07.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031