USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Президент Берік Қаниевті қабылдады

  • 24.июня.2021, 19:13,
  • 333

Мемлекет басшысы "Lancaster Group Kazakhstan" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Берік Қаниевті қабылдады. 

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.

Атап айтқанда Берік Қаниев Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер футболына жан-жақты қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған "Jas Qyran" футбол лигасының жетістіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – "Quantum STEM Schools" жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Аталған оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім беруді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған "AirVision.kz" қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында Президент "Jas Qyran" футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, соның ішінде, футболды дамытуда үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы маңызды бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдіріп, "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.



#Президент #Тоқаев #қабылдау #БерікҚаниев #саясат

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031