USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елжан Біртанов ең маңызды сұрақтарға жауап берді

  • 23.июня.2021, 14:24,
  • 232

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "СК-Фармация" ісі бойынша сот процесінде төтенше жағдай кезінде медициналық мекемелерде жасанды тыныс алу аппаратының жетіспеушілігі себебін түсіндірді. 

"СК-Фармация" ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды сатып алумен айналысады. Медициналық жабдықтарға келетін болсақ, "СК-Фармация" онымен айналыспайды. Ауруханалар оны тікелей өздері алады, - деді Елжан Біртанов Есіл аудандық сотында жауап алу кезінде.


Алайда, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің уәкілетті органының шешімі бойынша, "СК-Фармация" осындай медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ретінде анықталуы мүмкін, бірақ 2020 жылы ЖШС оттегі концентраттары мен аппараттарды сатып алмаған.


Мұндай тапсырма болған жоқ. Бұл құрылғыларды әрқашан ауруханалардың өздері сатып алады. Әдетте, орталықтандырылған сатып алу әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады. Тек белгілі және ерекше жағдайларда СКФ сатып алуды ұйымдастырушы бола алады, - деді бұрынғы министр.


Судья Қанат Дүйсембиевтің төтенше жағдай кезінде жасанды тыныс алу аппаратының жетіспеушілігін тудырған себептер туралы сұрағына куәгер былай жауап берді: аурудың күрт өсуіне сай төсек-орындар мен жасанды аппараттар көлемі дұрыс есептелмегендігі себеп.


"Пандемия жағдайында біз белгілі мөлшерде бос төсек-орын мен жасанды тыныс алу аппараттарын резервте ұстауымыз керек болды, бірақ оның көлемі туралы әлемнің ешбір елі көз алдына елестетіп, болжай алмады, бұл түсініксіз жайт еді. Әрине, біз аурудың өршуін болжап, білдік, ол ойда болды. Біздің ғалымдар жасаған болжамдар, сценарийлер осы үшін қажет еді, яғни сұраныс көлемін болжау үшін... Маусым айының соңында күрт өсім болды, содан кейін біз қалыптастырған қорлар жеткіліксіз екені аян болды. Бірақ объективті себептер болғанын ешкім естігісі келмеді. Мұндай жағдайды ешкім болжамады, аса өткір қажеттілік болады деп күткен жоқ. Біз төтенше жағдай кезінде, мен ауру жұқтырып, жұмыстан шығып қалғанға дейін бұл жағдайды күн сайын мониторингіден өткізіп отырдық. Біз қай жерде қанша дәрі-дәрмек барын біліп, көріп, осының бәрін мониторингілеп отырдық. Неліктен кейін бұл іс тоқтатылды, ол жағын айта алмаймын", - деп түсіндірді Біртанов.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.06.2021
06.05.2021
28.04.2021
07.11.2020
20.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031