Жергілікті білім беру және денсаулық сақтау органдарына жіберілетін сұрақтар, көбінесе, жауапсыз қалады, ал балалардың жазғы демалысына дейін бір аптадан аспайтын уақыт қалып отыр.
2020 жылы елімізде сауықтыру науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан бірнеше рет кейінге қалдырылды. Соның нәтижесінде лагерьлер сол қалпында ашылмай қалды.
Экономиканың осы секторындағы шағын және орта бизнес өздеріне бөлінген қысқа мерзімде балалардың қала сыртындағы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлардың туындауын екінші жыл қатарынан шыдамдылықпен күтуде.
Ашылу күнінің белгісіз болуы осы саладағы кәсіпорындардың негізсіз шығындарына алып келеді. Балаларға арналған лагерьлер ашылуын күткен кезде инфрақұрылымның қажетті профилактикалық жай-күйін үнемі ұстап тұруға, уақытша персоналға жалақы төлеуге, коммуналдық шығындарды көтеруге мәжбүр болады.
Балаларға арналған лагерьлердің мемлекет тарапынан дотациялары жоқ екенін де ескеру қажет, маусым – қыркүйек аралығындағы жазғы кезеңде үш ай жұмыс істеу үшін ғана олар кешендерін жыл бойы режимде күтіп-ұстауды өздері қамтамасыз етеді. Бұл жерде осы бизнестің меншік иелері, басшылар, тәрбиешілер және қызметі ынта-жігермен шектесетін өзге де персонал тұлғасында жазғы бос уақыт пен демалысты ұйымдастырушыларымызға алғыс айтып, балаларға деген ерекше сүйіспеншілігін атап өту керек.
Балаларға арналған жазғы мекемелерді уақтылы ашу мақсатында бос уақытты ұйымдастыру мекемелерінің жұмыскерлерін толық вакцинациялауға дейін пандемия кезеңінде қызмет бойынша бірыңғай өлшемшарттар мен талаптарды барынша қысқа мерзімде реттеу қажет, сондай-ақ бизнестің осы түрін мемлекеттік қолдау да артық болмас еді.
Мысалы, Ресейде ағымдағы 2021 жылы балаларға арналған 545 лагерь ашылады, үкімет деңгейінде балалар туризмін қолдау жөніндегі бағдарламалар әзірленген.
Мәселен, балаларға арналған туристік кэшбэк бағдарламасы іске қосылды, онда ата-аналар балаларға арналған лагерьлерге жолдамаларды бүкіл ел бойынша сатып ала алып, бес күн ішінде жолдама құнының 50% ақшалай қаражатын автоматты түрде төлем картасына қайтара алады, бұл, сайып келгенде, жолдамаларға деген сұранысты арттырып, демалыс орындарын балалар контингентімен толтырады, ал біздің бұл сегменттегі саламыз қараусыз қалды десе болады.
"Ақ жол" ҚДП депутаттық фракциясы аталған проблемаға назар аудару қажет деп есептейді және балаларға арналған жазғы сауықтыру мекемелерінің жұмысын уақтылы қайта бастау мүмкіндігін қарап, сондай-ақ жоғарыда аталған бизнес санаттарының барлық субьектілеріне бірыңғай өлшемшарттар мен бірдей жұмыс істеу талаптарын әзірлеуді сұрайды.
#мәжіліс #депутат #лагерь #парламент #ЕралыТоғжанов