Ең сорақысы Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы басқаратын ҚР Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҚР Президенті, ҚР Парламент Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, ҚР Премьер-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, ҚР Бас прокуроры, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Қорғаныс министрі, ҚР Ішкі істер министрі, ҚР "Сырбар" сыртқы барлау қызметі және басқалар кіреді.
ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Президенті, яғни Қасым-Жомарт Тоқаев болса, ҚР "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңы бойынша Қазақстандағы ең жоғары лауазымды тұлға — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, яғни Нұрсұлтан Назарбаев болып шығады.