USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирустың ревакцинациясы жайында

  • 22.қазан.2021, 11:17,
  • 236

Коронавирусқа қарсы ревакцина (қайта егу) алу керек екені қандай критерийлермен бағаланады? Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков айтты.

"Әзірге COVID-19-ға қарсы ревакцинация алудың негізгі критерийі ауырған немесе вакцинадан өткеннен кейінгі кезең болып қала береді", - деді ол Sputnik радиосына берген сұхбатында.


Иммунологтың айтуынша, әртүрлі елдердегі зерттеушілер ұқсас пікірде:


"АҚШ-та ревакцинация сегіз айдан кейін, Израильде бес айдан, Еуроодақта алты айдан кейін жасалу керек. Вируспен ауырғаннан кейін немесе вакцина алғаннан кейін шамамен алты-сегіз ай өткен кез ревакцинаның оңтайлы мерзімі", - дейді Николай Крючков.


Сондай-ақ, ол ғалымдар адамдардың әр тобы үшін қорғаныс антиденелерінің оңтайлы деңгейін анықтаған кезде ревакцинаны одан да тиімді етуге болатынын атап өтті.


"Әрбір нақты адамға қанша антидене қажет екені анықталса, жақсы болар еді. Яғни, жынысы, дене салмағы, жасы және т.б. сияқты критерийлер бойынша қорғаныс үшін қанша антидене оңтайлы екенін анықтау керек. Мысалы, 40-45 жас аралығындағы 60 кг салмағы бар әйел үшін антиденелердің белгілі бір концентрациясы аурудың ауыр түріне айналмайтынына 95% кепілдік беретінін білу ыңғайлы болар еді. Мұндай зерттеулер жүргізілуде, бірақ бұл әлі нақтыланбады", - деді Николай Крючков.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.10.2021
31.08.2021
30.07.2021
22.07.2021
17.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930