USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ет жемейтіндер денсаулықтарына қауіп төндіріп отыр

  • 19.қазан.2021, 16:25,
  • 158

Диетолог еттен бас тарту гормондық жүйенің бұзылуына әсер ететінін айтты.

"Малдың етінде болатын ақуызды тұтынбаған адамның ағзасына керек деген дәрумендер сіңбей қояды. Мысалы D, В12 жетіспеушілігінен инсульт қаупі артады, сосын ет жемегеннің азғасында Омега-3 май қышқылдары, креатин, холестерин, йод, фосфор және кальций жетіспеушілігі байқалады", - деді Ольга Чунтова.


Маман жоғарыда аталған элементтердің аздығы адамның гормон қызметінің бұзылуына әкелетінін ескертті. Оның айтуынша, шаш, тырнақ, сүйек, репродуктивті функция зардап шегеді. Ақуыз жоқта анемия қаупі артады. Диетолог өсімдік ақуызы аминоқышқылдарының құрамы бойынша да, сіңімділігі бойынша да мал етін алмастыра алмайтынын ескертті.


Чунтова еттен бас тартқан адамдарға кофе мен шайды көп ішпеу керектігін айтты, өйткені екі сусын да темірдің сіңуіне кедергі келтіреді. Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін аскорбин қышқылы бар тағамдарды тұтынуға болады. Сондай-ақ, балдыр, чиа тұқымдары, жаңғақ, жұмыртқа, зығыр тұқымды тағамдар диетаға қосылу керек.


Диетолог мырыштың жаңғақ пен бұршақ дақылдарында кездесетінін, ал аминоқышқылдар сүт өнімдерінде болатынын айтты. Сондай-ақ, ағзадағы кальций мөлшерін арттыру үшін көкнәр, күнжіт, қалақай мен итмұрын жеп жүру керектігін атап өтті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
06.04.2021
07.10.2020
22.07.2020
22.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930