USD 480.55
EUR 533.75
RUB 5.36
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда еңбек даулары көбейді

  • 06.қыркүйек.2021, 20:40,
  • 135

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы, ірі ұжымдық еңбек даулары жүздеген көлемде өсті десем, қателеспейтін шығармын. Әлі күнге дейін, айына бірнеше рет БАҚ және әлеуметтік желіде соған сәйкес ақпарат жарияланып отырады.

Жеке еңбек дауы - қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген жеке еңбек, не ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер. Қазақстанда пандемия басталғалы әлеуметтік-еңбек дауларының саны көбейіп кетті.


Сонымен қатар, инфляция әсерінен теңге құнсызданып, жалақы мөлшері төмен деңгейде болғандықтан еңбек даулары жиілеп кетудің бірден-бір себебі болып келеді деп ойлаймын. Мәселен, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы 139 кәсіпорын 6 мың 200 жұмыскердің алдында 1 млрд 940 млн теңге жалақы қарыз болған.


Бірақ қандай көлемде төленгені жөнінде нақты статистика жоқ. Немесе салыстыра айтатын болсақ, биыл бірінші жартыжылдығында елордада 12 әлеуметтік-еңбек дауы болды. Жалақы төлемеу проблемасы, еңбек жағдайын бұзу жиіліп кетті. Даулардың басым бөлігі жалақы деңгейіне қатысты көзқарас қарама-қайшылығынан және бұл мәселеде әкімшіліктің келіссөз жүргізуден бас тартуынан туындаған.


Көп жағдайларда жұмыс беруші жанжалдың алдын алуға ниетті емес. Тіпті көп жағдайда олар ахуалдың ушығатындығын біле тұра сондай қадамға барады Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда жұмысшылардың ереуілге шығуы жиіледі. Ереуілшілер жұмысынан айырылып қалу қаупіне қарамастан, наразылық шарасына қатысуда.


Қолданыстағы кәсіподақтар туралы заң мен Еңбек кодексі еңбек қатынасына қатысты шиеленістерді шеше алмайды, заңнама бойынша ереуілге шыққандарға қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Мемлекет жұмысшылардың лайықты еңбекақы талап ету құқығын қорғап, олардың өз бетінше ұйымдасу әрекетіне кедергі келтіруін тоқтатпайынша, жұмысшылардың наразылық көрсетуі арта бермек. Қазақстанда 2017 жылы болған жұмысшылар ереуілдерінің ешбірі талаптарын толық орындата алмады.


Сарапшылар мұның себебін еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен және елде жұмысшылар құқығын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақ қалмағанымен байланыстырады. Тәуелсіз кәсіподақтар жабылды, жұмыс берушіге және билікке жақын салалық кәсіподақтар құрылып, барлық кіші кәсіподақтар соларға мүше болуға мәжбүр. Соған сәйкес 2017 жылы, Маңғыстауда мұнайшылар, Қарағанды облысында кеншілер және елордамызда Экспо көрмесін салуға қатысқан құрылысшылар бас көтерді.


Біреулерінің жалақылары 10 ай төленбей жүрсе, басқаларының еңбек шарты мен жалақы деңгейі қанағаттандырмады. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда жұмысшылар тұрақты түрде ереуілге шығып жүрді. Алдымен ТИТР «КМҚ-Мұнай», «АМК-Мұнай», «Си Бу», Bonatti сынды шикізат өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары ереуілге шықты. Кейінірек краншы-машинистер, мектеп бухгалтерлері, қоғамдық көлік пен жедел жәрдем жүргізушілері, сондай-ақ жекеменшік зауыттар мен коммуналды кәсіпорын жұмысшылары ереуілдетті.


Барлығында дерлік жұмысшылар еңбекақысын бірнеше есе өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Бірақ олардың нәтижесі әртүрлі: кейде нарызылық білдірушілердің талабы толықтай немесе ішінара орындалса, кейде олар қысым көріп, жұмысынан айырылады. Жұмысшылардың талабы Ақтөбе облысындағы «М-Техсервис» пен Қарағанды облысындағы «Транко Жезқазған» кәсіпорындарында ғана орындалды. Қалғанында жұмысшылар басшылықтың «өзара тиімді шешіміне» келісуге мәжбүр болды. Бұған қоса Еңбек министрлігі еңбек саласында 24 «дүмпу тудырған жағдайды» тіркеген.


Бұлардың жартысынан көбі жалақыны өсіруге қатысты болса, 6 жағдай – жалақының кешіктірілуімен, 3 жағдай – жұмысшылардың жалақы төлеу жүйесі мен еңбек жағдайына келіспеуімен және 1 рет жұмыс орындарының қысқаруымен байланысты болған. Қорытындылай келгенде, басты мәселе – Қазақстанның еңбек заңнамасы жұмысшылар мен тәуелсіз кәсіподақтарға халықаралық құқықта қарастырылғандай еркін әрі ерікті ұжымдық келіссөзге қатысуға тиісті жағдай жасамауында. Мемлекет шынымен де еңбек дауының санын азайтқысы келсе, екі нәрсе істеуі керек.


Біріншіден, жұмыс берушілердің қызметкерлеріне әділетті қарым-қатынас көрсетуіне қол жеткізу керек және барлық саладағы жұмысшыларға лайықты деңгейде еңбекақы төленетініне кепілдік беруі керек. Бұл тұста жұмыс берушінің тарапынан қандай да бір заңбұзушылық байқалса, оларға тиісті санкциялар тағайындалуы керек.


Екіншіден, жұмысшылардың құқығы толықтай заң жүзінде қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Олар тәуелсіз кәсіподақтар құрып, оның үлкен сенімге ие болатын және өздерінің мүддесін қорғайтын көшбасшысын сайлай алуы қажет. Сондай-ақ Қазақстан дау туған сәтте жұмысшылар да, жұмыс берушілер де бір үстелдің басында тең отырып, келіссөз жүргізе алу үшін ұжымдық келіссөздерді өткізу талаптарын жеңілдетуі керек.



#еңбекдаулары #ҚалиӘубәкіров #кәсіподақтар

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.09.2021
03.09.2021
06.08.2021
20.03.2021
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30