USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Адамның ұйқысы неге бұзылады?

  • 03.қыркүйек.2021, 20:25,
  • 181

Бірінің отбасы жағдайы келіспейді, екіншісін баласының жүріс-тұрысы алаңдатады. Бірақ кейбір адамдар, бәрі жақсы бола тұра, әкетіп бара жатқан ауру-сырқауы болмаса да, ұйықтай алмайды. Неге? 

Себебі олардың ары таза емес. Қай жерде не бүлдірдім, қай жерде біреудің ала жібін аттадым дегендер.

Өзімді бай адам сезінемін. Неге? Шын байлық ақшамен өлшенбесе керек. Төңірегіңде бала-шағаң шулап жүрсе, ортаңда қадірің қашпаса – сол байлық.

Өмірдің өзегі, оның ары қарай жалғасуы Құдай қосқан қосағыңа да байланысты. «Жақсы әйел – еркектің бағы» деп бекер айтпаса керек.

Жақсы қартаю бір бақыт десек, сол бақыттың көзі – сенімге бөленген түсіністік дер едім. Түсіністік, сенім болмаған жерден бақыт қашқақтайды.

Кешегі күннің қошеметіне шынайы түрде лайық болсаң, бүгін де елдің назарынан тыс қалмайсың. Жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, дұрыс жолға бағыттап, өмірдегі көргенін, салмақты ақылын айтып, ұлағатты батасын беріп, айналасына шапағатын таратып, ізгілік шашуымен қатар бүгінгі өмірде алатын орны бар, қоғам өміріне белсене араласып, елдің қамын ойлайтын жанды ақсақал деп құрметтеуге әбден лайық. Кейде 40 жастағы адамның бойында да ақсақалдыққа сай пайымдылық кездеседі. Ал кейде 80-дегі ақсақалдың бойынан жасқа тән қуатты көрем. Жалпы, ақсақалдық ұзақ жасау барысында ұмтылатын үлгі-тірегіміз болуы қажет.

Төрегелді Шарманов

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2021
16.08.2021
09.03.2021
23.08.2020
22.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031