USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әке - асқар тау

  • 12.июня.2021, 19:01,
  • 282

Әкесі мен анасы жазғы демалыста әрдайым баласын әжесіне апарып мауқын басып келетін. 

Ұлдары шамалы есейе келе ата-анасына: «Мен қазір үлкенмін мені қашанғы жетектей бермексіңдер ? - Бұл жолы әжеме жалғыз барамын деп қоймайды !» Біраз сөзталастан кейін үлкендерге келісуден басқа амал келмейді. Міне, олар пойыз іргесінде ұлдарын шығарып салғалы тұр. Өмірі өз бетімен сапарға жықпаған баласын ата - ана жан - жақтан сүйемелдей кеңестерін беріп әлек. Ұлы болса : «Иә, білемін, білемін.. оны маған 100 рет айтқансыңдар...!» Пойыз жүрмекке сәл қалғанда әкесі: «Балам, егер сенің кенеттен көңіл күйің түсіп немесе қорқып қалсаң , онда мынау саған ...» деп баланың қалтасына бірдеңені тығып жібереді.


Бала вагон да жалғызсырап қалады , терезеге үңіліп сұр далаға қарайды . Айналасында бір - бірін итерген бейтаныс адамдар , орынға таласа шу шығарғандар, кіріп-шығып жүрген түсі суық кісілер өзін аңдып жүргендей көрінді. Міні жолсерікте ешкімге әлі келмей оған зекіп ескерту жасап қояды. Масасыз біреулер мұны анда - мында жұмсап жүр. Бала өзін мазасыз сезіне бастады. Уақыт өте жабырқана әбден түнеріп кетті. Көп ұзамай қорқыныш бойын жайлайды . Ол қабағын түйіп, бұрышқа тығыла, көзінен жасы шығып кеткенін байқамайды. Әп сәтте қалтасына әкесінің бірдеңе салғаны есіне түседі. Қолы дірілдеп бір жапырақ қағазды алып шығады :«Балам, мен көрші вагондамын...» деген жазба екен.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.03.2021
01.02.2021
29.01.2021
23.08.2020
31.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031