USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енеді

  • 08.августа.2020, 11:30,
  • 836

Балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында әйгілі Каспий итбалығын еліміздің Қызыл кітабына енгізу жөнінде келісім жасалды. Шара Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастыруымен Гидробиология және экология институты мен Орта Азия экологиялық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен өтті. 

Каспий итбалықтарының (Pusa Caspica) Қазақстанның Қызыл кітабына енуі – оны сақтаудың қосымша шарасы, сонымен бірге болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың маңызды дәлелі болады. Каспий итбалығы басқа да Каспий маңындағы елдерде Қызыл кітапқа енгізілгенін атап өткен жөн. Каспий ит­балықтарының саны жыл сайын азайып келеді. Бұл – Каспий теңізі фау­насындағы сүтқоректілердің жал­ғыз өкілі. Әртүрлі мәліметтер бойын­ша те­ңіз жануарының саны жыл сайын тө­мендеу үрдісімен 100 мың бастан аспайды. Мұны 2015-2018 жылдары Кас­пий теңізінің қазақстандық бөлігінде Гид­робиология және экология институты мен балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы жүргізген зерттеулер растайды. Кему антропогендік және табиғи факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Каспий маңы мем­лекеттерінің итбалықтардың санын бағалау жөніндегі ғылыми зерт­теу­лерінің нәтижелері әртүрлі. Сондықтан шынайы мәліметтерді алу үшін Ресей мен Қазақстан экологтері ортақ әдіс­темелік тәсілдер бойынша бірлескен зерттеулер ұйымдастырмақ. 2020-2024 жылдары Солтүстік Кас­пийдің қазақстандық және ресейлік бөлігінде Каспий ит­ба­лықтарының көптігін, таралуын және табиғи көбеюін баға­лау бағдарламасын осы жыл­дың басында еліміздің Ор­ман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Ресей Федерациясының Балық ша­руашылығы федерал­ды агент­тігі мақұлдады. Бағдар­­ла­маны Қазақстан қолдан­балы экология агенттігі және Бүкіл­ресейлік Ба­лық шаруашы­лы­ғы және мұ­хит­тану ғылыми-зерт­теу институты «NCOC N.V.» компа­ниясының қол­­дауымен жасады. Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мақсатында былтыр тамызда Ақтауда меценаттар есебінен Қазақстанда алғашқы зерттеу және қалпына кел­тіру орталығы ашылды. Бұл ауру және жараланған итба­лықтарды емдеуге, сауық­тыруға және сау жануарларды тіршілік ету ортасына – Кас­пий теңізіне шығаруға қаты­сады. Сонымен қатар, Қазақ­стан мен Ресейдің экология министр­ліктері Каспий итбалықтарының попу­ляциясын сақтау бойынша бір­лескен іс-шаралар жоспарын жасады. Қазіргі уақытта жоспар Ресей Феде­­рациясының Экология ми­нистрлігімен келісілуде. Каспий итбалықтарының био­ло­гиялық ерекшелігі – мекен­дейтін жерлерінің маусымдық өзгергіштігі. Көбею және түлеу кезе­ңінде популяцияның негізгі бөлігі Солтүстік Каспийдің қа­­зақ­­стандық және ресейлік мұз­­­ды аумағында өмір сүреді. Көк­­темгі көші-қон басталғанға дейін итбалықтар шығыс және сол­түстік-батыс жағалауларда жүреді. Жаз айларын оңтүс­тікте, Каспий теңізінің терең жер­­лерінде өткізеді. Күзгі көші-қон кезінде Каспийдің оңтүс­тігі мен солтүстігіндегі құм­дар мен бақал­шақ аралдарынан итба­лықтардың көп бөлігін байқауға болады.


#итбалық #каспий #теңіз #қызылкітап 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930