USD 444.14
EUR 477.05
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбеде 100-ден аса адамды кене шаққан

  • 22.мамыр.2021, 13:00,
  • 223

Ақтөбеде кене шаққан 100-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді. 

Дәрігерлер зиянкес жәндіктерден зардап шекендерден туляремия ауруы анықталмағанын айтады. Телеарна мәліметінше, дерт жұқтыру жағдайы облыста екі жыл бұрын болған. Ал өңірдің Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарында туляремияның табиғи ошақтары бар. Сондықтан ондағы тұрғындар дертке қарсы жоспарлы түрде екпе алуы тиіс.


Биыл кенеге қарсы өңірде қанша адамның нақты вакцина алғаны осы айдың соңында белгілі болмақ. Санитария дәрігерлер кене шаққан жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек екенін ескертіп отыр.


"Табиғи ошақтарда орналасқан аумақтарында тұратын тұрғындар жеті жасында вакцинация алуы керек. Сосын ревакцинацияға бес жылдан кейін жатады. Аудандарда өзінің жоспарға сәйкес жататын адам вакцинасын алып жатыр. Ол біздің қадағалауымызда", - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гаухар Игілікова.



#кене #жәндік #Ақтөбе #дәрігер

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.05.2021
14.12.2020
09.02.2021
12.09.2020
04.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031