USD 493.85
EUR 571.78
RUB 6.25
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда көлік бес адамды қақты

  • 13.мамыр.2021, 16:12,
  • 298

Алматыда Lada бес жаяу жүргіншіні қақты. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Mitsubishi Pajero жүргізушісінің айтуынша, ол Баянауыл көшесі бойымен шығысқа қарай бағыт алған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда қозғалып, жол қиылысына шығады. Осы кезде оңтүстік бағыттағы қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан автобустың артынан іші жолаушы толы такси - Lada Granta атып шығады. Mitsubishi Pajero тоқтап үлгермей, Lada Granta-ға соғылады. Mitsubishi жүргізушісінің айтуы бойынша, алған соққыдан Лада айналып барып, 5-6 адам тұрған жол шетіндегі жаяу жүргіншілер тротуарына ұшып түседі. Көлік адамдарды қаға-маға, бір әйелді арыққа сұлатып, артынан өзі үстіне барып түскен.


Адамдар бірден жүгіріп, әйелдің сыртқа шығуына көмектесті. Сол әйел мен таксидің екі жолаушысы ауруханаға түсті. Қалған жаяу жүргіншілер онша зардап шеккен жоқ.




#көлік #апат #Алматы #адам #жаяужүргінші #қайғы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031