USD 493.36
EUR 572.84
RUB 6.29
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Грузияда қайтыс болған қыздың анасы Тбилисиге ұшып кетті

  • 10.мамыр.2021, 10:46,
  • 342

Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваның анасы Тбилисиге ұшып кетті.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство өкілдері әйел адамға құжатын рәсімдеп, қажет билетті тауып беруге көмектескенін хабарлады. Марқұмның денесі Қазақстанға келесі аптаның басында әкелінеді. 

Қазақстандық қыздың Грузияда өлі табылғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде жақында пайда болды. Тергеу болжамы бойынша, оны әлдекім зорлағаннан кейін жәбірленуші өзіне қол жұмсаған. Марқұмның мәйіті 5 мамырда Тбилисидегі үйдің ауласынан табылған. 

Грузиялық телеарналар 26 жастағы қазақстандық пен күдікті Бесик Тордуаның әңгімесі жазылған аудиожазбаны жариялады. Аудиода ер адам марқұмның намысына тиіп, өзіне қол жұмсауға итермелегені айтылады. Одан бөлек, жазбада ер адам жәбірленушіге қол жұмсаған кездері естіліп қалған. 


Марқұмның анасы қызының өліміне қатысты әділ шешім шыққанын талап етіп отыр. Оның айтуынша, іске Әселді Грузияға алып кеткен күйеубаласының да қатысы болуы мүмкін. 


Грузияның Баспрокуратурасы күдікті ұсталғанын, оған қызды зорлағаны үшін және қол жұмсауға итермелегені үшін айып тағылды. Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша алдын ала тыңдалым 23 маусымда өтеді.  Іс жыныстық қылмысқа қатысты болғандықтан сот отырыстары БАҚ-тың қатысуынсыз жабық өтеді. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.04.2021
19.10.2020
09.07.2020
28.02.2020
03.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031