USD 493.36
EUR 572.84
RUB 6.29
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада жасөспірім көмегімен жол қозғалысы реттелді

  • 09.мамыр.2021, 19:35,
  • 283

Нұр-Сұлтанда бағдаршамы істемей қалған жол қиылысында жасөспірім көлік қозғалысын реттеді.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің қиылыстағы көлік қозғалысын реттеп тұрған видеосы жарияланды. Оқырман жасөспірімді автокөлік жүргізушілеріне көмектескені үшін мақтап, пікірлер қалдырған. Кейін оның  кәмелетке толмаған бала екені белгілі болды.

Полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 8 мамырда сағат 20:30-да Бауыржан Момышұлы-Қаныш Сәтбаев көшелері қиылысында болған. Онда бағдаршам өшіп қалып, нәтижесінде көліктер жиналып қалған. Сағат 20:36-да жасөспірім қиылысқа шығып, қозғалысты реттей бастайды. 4 минуттан кейін ол жерге патруль келген.

Бұл дерек бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.


"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мұндай әрекеттер дағдысы жоқ адамның өмірі мен денсаулығы үшін, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпті екенін ескертеді. Мұндай жағдайларда дереу полицияға немесе "102" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деді полиция өкілдері.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031