USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нығматулин Жеңіс күнімен құттықтады

  • 09.мамыр.2021, 14:18,
  • 267

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне майдандағы жеңістері үшін алғыс білдіріп, ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.

- Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ерен ерліктің, асқақ рухтың және қаһармандық пен қайсарлықтың, батылдық пен бірліктің символы. Осыған орай, болашақ ұрпағына бақыт сыйлап, майдан даласында ерлік танытқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетіп, майдандағы жауынгерлердің ерлігі туралы мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да, біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз – ұлы құндылықтар – бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту. - деді Мәжіліс Төрағасы.


Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин елімізге тыныштық, барша халыққа зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тіледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.03.2021
01.03.2021
01.03.2021
19.12.2020
14.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031