USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Наурыз мейрамдарында Алматыда автобустар жұмыс істемейді

  • 15.наурыз.2021, 18:31,
  • 277

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері қалада қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайтынын айтты. Наурыз мейрамына байланысты демалыс күндері автобустар, троллейбустар, метро жұмыс істемейді. 

"Ауруға шалдығу деңгейі төмендемей тұр, біздің міндетіміз - медициналық ұйымдардың тұрақты режимде жұмыс істеуіне жағдай жасау, ауруды төмендету керек, медициналық ұйымдарға түсетін ауыртпалықты арттыруға жол бермеу қажет. Іс-шаралар кешені (жақында енгізілген шектеулер туралы - Автордың ескертпесі) өз жемісін берді. Біз демалыс және мереке күндері қозғалысты шектейміз", - деді Бекшин.


Ол қоғамдық көлік коронавирусты тарату көздерінің бірі екеніне сенімді.


"17,5% инфекцияның ықтимал орны ретінде қоғамдық көлік аталады. Білесіздер ме, тұрақты ауру жұқтыру орындары бар, мысалы отбасы мүшелерінен дегендей. Одан кейінгі ауру жұқтырушы ықтимал орындар - базарлар, қоғамдық көліктер. Біз ауру жұқтырған адамдардан сұрақ-жауап аламыз және ауруды жұқтырудың ықтимал ошақтарын анықтаймыз", - деп түсіндірді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031