USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің жеті өңірінде ескерту жарияланды

  • 07.сәуір.2021, 14:37,
  • 243

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Найзағай, тұман және кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 

Синоптиктердің болжауына сүйенсек, Жамбыл облысында 8-10 сәуірде кей жерлерде тұман, ал 10 сәуірде найзағай мен қатты жел соғады, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ және екпіні секундына 20 метр болатын жел соғуы мүмкін.

9 сәуірде Қарағанды облысына тұман түседі.

Синоптиктер Қостанай облысында 8 сәуірде тұман түсіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады деп болжап отыр.

8 сәуірде Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. БҚО-да секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Таразда 10 сәуірде желдің секундына 20 метрге дейін күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.

8 сәуірде таңертең және түнде Орал мен Ақтөбеде тұман түседі.


#ауа-райы #қазгидромет #синоптиктер #қазақстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031