USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Орта білім ордалары толық бейнебақылаумен қамтылды

  • 15.наурыз.2021, 12:13,
  • 320

Мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті. 

"Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді", - деді министр.


Оның айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі проблемаларының бірі - ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.


"Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз", - деді А. Аймағамбетов.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.02.2021
02.09.2020
11.07.2020
21.10.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930