USD 504.34
EUR 556.34
RUB 5.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Республикалық маңызы бар жолдар ақылы болады

  • 15.наурыз.2021, 11:09,
  • 270

Ақмола облысында өткен қоғамдық тыңдалымда "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұл өңірдегі жолдар қашаннан бастап ақылы болатынын айтты. 

Республикалық маңызы бар төрт автомобиль жолы астанаға қарасты аймақты басып өтеді. Олардың екеуі - Нұр-Сұлтан-Щучье және Нұр-Сұлтан-Қарағанды бұрыннан ақылы әрі көпжолақты болып табылады.


Қалған екі авто магистраль - Нұр-Сұлтан-Павлодар және Нұр-Сұлтан-Қостанай жолдарында биыл ақылы төлем жүйесі енгізіледі. Төрт жолақты жоғары жылдамдықтағы автомобиль жолы еліміздің шығысына қарай бағытталған, ал М-36 жолының Қостанайға дейін жалғасы әзірге екі жолақты болып қала береді. Бұл осы бағыттағы қозғалыс тығыздыңының жеткіліксіз қарқынымен байланысты, делінген хабарламада.


Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолының ұзындығы 396 шақырымды құрайды. Ақылы бөлігі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ерейментау ауданы арқылы өтеді.


Мұнда қазірдің өзінде 7 басқару аркасы орнатылған. Жол І-ші техникалық санатқа жататындықтан, оған рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 140 км / сағ құрайды.


Нұр-Сұлтан-Қостанай жолының ұзындығы 650 км құрайды. Ақылы учаскеде 9 арка орнатылған, олар осы көктемде сынақ режимінде жұмыс істей бастайды.


Жеңіл автокөлік иелері мұнда ақы төлемейді, өйткені жол ІІ және ІІІ-санаттағыучаске болып табылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.03.2021
15.02.2021
09.11.2020
28.02.2020
13.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930