USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбе облысында шошқа өсіру кешеннің жұмысы сот шешімімен жабылды

  • 18.ақпан.2021, 09:14,
  • 297

Экономикалық сот Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметін қалдық су ағызғаны үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұдан басқа, биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды.

Шошқа фермасының иелеріне қатысты қатаң шаралар кәсіпорында экологиялық нормалар өрескел бұзылғаны белгілі болғаннан кейін қолданылды. Бастапқыда бұл туралы кәсіпорын орналасқан Бестамақ ауылының тұрғындары хабарлады. Жоспардан тыс тексеру барысында шошқа фермасындағы барлық өндірістік және биологиялық қалдық, тұрмыстық және құрылыс қалдықтары ауылдың жанындағы орға көмілгені белгілі болды. Ол жердің аумағы - 6 гектарға жуық. Тексерушілер 200 тоннаға жуық қалдықты қазып шығарды.


Бұдан басқа, кәсіпорын екі жыл бойы қоршаған ортаға эмиссия болмай, рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды. Фермада жобада айтылған 40 мың шошқаның орнына 50 мыңнан аса шошқа болған. Барлық заңбұзушылықтан келген жалпы залал 7 миллиард теңге болды.


"Жинақтауыш тоғандарға және жергілікті территорияға өндірістік қалдық суды ағызу бөлігінде серіктестіктің шаруашылық қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ заңбұзушылық жойылғанға дейін биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға тыйым салынды. Жауапқа тартылған мекеме қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу мүмкіндігінен айырылды", - деді судья Жанар Жұбатова.


#Бестамақ #ферма #қоршағанорта #сот

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.12.2020
21.12.2020
02.11.2020
14.07.2020
08.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031