Мамандар Алматы мен Алматы облысының сауда желілерінен 17 598 орам өнімді қайтарып алды. 2,5 тонна корей кеспесі арнайы пештерге жіберілді.
Жеткізуші VCA ЖШС-ға 155 АЕК (410 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Еске салайық, Алматылық дәрігерлер тез дайындалатын "Джин Рамен" корей кеспесін қауіпті деп атаған болатын.
"Зертхана жұмысының қорытындысына сәйкес, кеспедегі гендік модификацияланған сояның мөлшері 1,4 пайыздан 10,25 пайызға дейін, печеньеде 47,75 пайыздан асқан. Ал өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, тамақ өнімдеріндегі ГМО мөлшерінің рұқсат етілген нормасы "тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9 пайыздан аспауы керек", - делінген болатын хабарламада.
#ГМО #кеспе #корея #сэс #тамақ