"23 шілдеде қалалық прокуратура экономикалық тергеу департаментімен бірігіп, дәрі-дәрмекті қолдан жасайтын жасырын цехты анықтады. Жедел іздестіру шарасы барысында дәрілердің сыртын орауға арналған материалдарды өндіретін баспахана, заңсыз өндірілген өнімді сақтауға арналған қойма әрі жасырын цех анықталды", - делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, құқық қорғау органдары заңсыз жасалған 100 тонна дәріні тәркілеген. Күдіктілер бұл дәрі-дәрмекті "Ротацеф", "Солкосерил", "Регидрон оптим", "Кальций-Д3 Никомед", "Цефамед", "Цераксон", "Цефтазидим" деген атаумен сатпақшы болған.
"Осылайша, құқық қорғау органдары елдегі көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы сапасы күмән тудыратын дәрі-дәрмекті сату әрекетін тоқтатты. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.
Мобильді топтар қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмекті шекті бағадан көтеріп сату фактісі бойынша 109 құқық бұзушылықты анықтады, 109 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 25 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Мың қорап дәрі-дәрмек пен 8,5 миллион дана медициналық маска тәркіленіп, олар қалалық денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.
#алматы #цех #дәрі #қылмыстықіс