USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыдағы эпидахуал қиындады

  • 13.ақпан.2021, 08:22,
  • 294

Алматыда эпидемиологиялық ахуал қиын жағдайда, - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әсел Қалықова.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай қиын. 31 қаңтардан бастап Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында болды, бірақ бүгінгі күні коронавирус эпидемиясының даму жылдамдығына сәйкес, Алматыда инфекцияның репродуктивті саны R - 0,949, яғни 1,0-ге өте жақын, одан асып кетсе, біз "сары" аймаққа өтеміз. Осыған байланысты Алматыда шектеу шаралары өз күшіне ие, - деді Қалықова брифингте.


Оның айтуынша, қазір қалада қоғамдық орындарда инфекцияны көбірек жұқтырып алып жатыр. Бұған адамдардың сыртқа шығуына себеп жылы ауа-райы болуы мүмкін. Сондай-ақ, отбасылық іс-шараларда (құдалықтарда, кештерде және басқаларында) да ауру жұқтыру жиілеп тұр. Бірақ қоғамдық көлікте инфекция деңгейі өзгеріссіз, бұрынғы қалыпта.

Эпидемиолог жастардың аурушаңдық деңгейі өзгеріссіз екенін атап өтті: 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар (39%), 40-тан 50 жасқа дейінгі (25%) және 60 жастан асқан (21%) азаматтар жиі ауырады. 14 жасқа дейінгі балалар аурушаңдықтың 11% құрайды, 15-19 жас аралығындағы жастар - 4%.


#коронавирус #алматы #эпидахуал #карантин 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.01.2021
30.11.2020
27.11.2020
29.05.2020
28.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930