USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Белгілі ғалым Ербол Іргебай қайтыс болды

  • 06.ақпан.2021, 10:13,
  • 242

Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының бұрынғы директоры, ардақты ұстаз, қайымтанушы, абайтанушы Ербол Іргебай дүниеден озды. 

Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері желіде бөлісті.


"Тағы бір ардақты қазақ өтті өмірден! Астанаға алғаш келген кезімде №40 мектепке бір кездесуге барып сонда танысып едім. Мектеп қызметкерлерінің есім-сойындағы "ов","ова" дегендердің бәрін алғызып "ұлы", "қызы" дегенге ауыстыртыпты. Біраз жүгірім мектепке Әлкей Марғұланның атын алып беріпті. Орысша сөйлеп, суық қарап, сүркей тартқан астанадан жаныма жылы шуақ берген адамдардың бірі еді. Қай жерге барса да қазақы болмыс-бітімін сол жерге көшіре баратын өте ұлтшыл ер еді. Алаш арыстарының аманатшыл ізі еді. Сырқат күйіне қарамай тағы бір мектепке Қайым Мұхамедханның атын алып беріпті. Оқушылар сарайына қазақы қан жүгіртіп еді, оған Әл-Фарабидің атын әперген осы кісі еді.Жарықтық-ай, керілген киіктей сұлу да, қысқа ғұмырың біздерді ойландырып, опындырып кетті.Жайыңыз Жәннатта болғай. Ербол Іргебай аға тірі жүргенде әйтеуір бір жерде қазаққа пайдалы бір іс істеліп жатқандай сезіліп тұрушы еді. Амал жоқ", деп жазды Ұларбек Нұрғалымұлы.


Ербол Іргебай Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Білімді ұстаз, ұлт жанашыры, 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының № 90 мектеп-гимназиясының директоры қызметтерін атқарған және Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының 10-томдығын құрастырған.



#ғалым #ұстаз #өлім #ЕрболІргебай

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.11.2020
29.09.2020
05.09.2020
14.07.2020
07.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930