USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда жылы күндер қанша уақытқа созылады?

  • 02.ақпан.2021, 17:17,
  • 279

Алматыда ақпан жылы күндерімен басталды. 2 ақпанға қараған түні қалада жаңбыр жауды. Алматыда көктемгі жылу қанша уақытқа созылатынын "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді. 

"2 ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне Иран аумағынан оңтүстік циклондар шығып, жылу келді. Түнде жауын-шашын жаңбыр түрінде болды, бірақ тауларда төмен температура сақталатындықтан қар түсті", - деді "Қазгидромет" РМК Алматы бөлімшесінің инженер-синоптигі Гүлтансын Медеуова.

2 ақпанда ауа температурасы +10 градусқа дейін барды. Жылдың осы мезгілінде Алматыдағы ең жылы күн саналатын рекорд көрсеткіш +13 градус, ол 2007 жылы болған.

Бұл ретте "Қазгидромет" синоптиктері алматылықтарды 10 ақпанға дейін ғана жылудан ләззаттана алатынын ескертеді. Жаңбыр жаууы да ықтимал.

"Ақпанның екінші онкүндігінде, 15-сі мен 20-сы аралығында температураның төмендеуін күтеміз. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болады", - деді Гүлтансын Медеуова.

Еске салайық, бұдан бұрын "Қазгидромет" өкілдері ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған.



#алматы #ауарайы #қазгидромет #температура #синоптик

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031