USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде қыс қандай болады?

  • 20.қазан.2020, 17:23,
  • 522

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда Қазақстанға қыс ерте түседі, бірақ жылы болады.

Синоптиктер 2020 жылғы қараша мен 2021 жылғы наурыз аралығына маусымдық болжам жасады. 

Олардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде қарашаның бірінші жартысында қыс түседі. Бұл айда қар көп жауып, екпінді жел соғады, сондай-ақ көктайғақ болып, тұман түседі.

Қарашадағы алғашқы суық күндер айдың бірінші жартысында болып, ауа температурасы түнде минус 10-23, күндіз минус 2-10 градусқа дейін төмендейді.

Қарашаның үшінші онкүндігінде күн суытады. Суық ауа массасы ауысқан жылыға ауысқан кезде термометр бағаны 5-12 градусқа дейін көтеріледі. 

Еліміздің оңтүстігінде айдың екінші жартысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Таулы аудандарда ерте болуы мүмкін. Температура түнде минус 5-12, күндік минус 1 плюс 5 аралығында болады. Оңтүстікте ең жылы күндері ауа температурасы 12-20 градус болады.

Ай ішінде жылы күндерден кейін ауа райы суытуы мүмкін, әсіресе елдің солтүстігінде осылай болады. 

Қыс жылы әрі жауын-шашынға бай болады деп болжанды. 

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы қыста ауа райы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста нормаға жуық болады.

Желтоқсан және қаңтарда елдің басым бөлігінде, тек батыс аймақты қоспағанда жауын-шашын көп болады. 

Көктемнің басында, әсіресе наурызда күн жылынып, жауын-шашын азаяды. Айлық орташа температура 1-2°С нормадан жоғары болады. 



#ауарайы #қар #қыс #тұман #тайғақ #қазастан #синоптиктер #қазгидромет 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930