USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жедел жәрдем қызметкерлері үстемақы даулап жатыр

  • 14.қазан.2020, 16:29,
  • 428

Жедел жәрдем қызметкерлері жеті айдың үстемақысын беруді талап етеді.

14 қазанда Алматы қаласының жедел жәрдем диспетчерлері мен санитарлары наурыз айынан бері үстемақы ала алмай келе жатқанын айтып, тағы жиналды. Жедел жәрдем қызметінің орталық ғимаратының алдына келген 20 шақты адам «үкімет бізді ескеруісіз қалдырды» деп налиды.

- Ешбір органнан аттап өтпей, талабымызды заңды түрде қойдық. «Нұр Отанға», денсаулық сақтау басқармасына, қызмет пен тауар сапасын бақылау департаментіне бардық. Бәріне хат жаздық. Ешкім көмектеспей отыр, - дейді №11 жедел жәрдем станциясының қызметкері Жанар Нүсіпжанова.

Диспетчерлер мен санитарлар кәсіби міндетін мүлтіксіз атқарғанын айтады. «Коронавирус күшейгенде отбасын тастап, жеке пәтерде тұрдық. Оның шығынын да өзіміз жаптық» дейді Тоғжан Жарасқызы.

8 қазанда Алматы қалалық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов 415 адамға тізім бойынша үстемақы төленеді деген. Бірақ бүгін жиналған топ ол үстемақы қазан айынан бастап қана берілетінін, наурыздан бергі жеті айдың ақшасы есептелмегенін айтады. Наразылардың сұрап отырғаны – үстемақы төленбеген айларды түгел қосып есептеу.

«Пандемия басталғалы бері індетке қарсы күреске жұмылдырылған мамандар қатарында жүргеніміз неге есептелмейді?» дейді олар. Санитарлар вирус жұқтырғандарды тасыған арнайы бригадалар киген қорғаныш киімдерді, олар мінген көліктерді жуып шайғанын айтады. Бір ғимаратта отырып, олармен қарым-қатынаста болған соң ауырғандар да көп дейді.

Жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Алексей Ложкин де өтіп кеткен айларға үстемақы берілмейді деді. Оның сөзіне қарағанда, «осы мәселені қараған Алматы қаласының мәслихаты өткен айлар үшін ақша аударуды қаржы заңамасына қайшы деп тапқан».

- Денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің сәуір айындағы бірлескен бұйрығына жедел жәрдемнің дәрігер, фельдшер, жүргізушілері кірді. Өкінішке қарай, диспетчерлер мен санитарлар тізімге ілікпеген, - дейді Ложкин.

Мекеме басшылығы «бұйрықтан аттап өте алмаймыз, бірақ әкімдікке бірнеше рет өтініш жасадық, соның арқасында қазан айынан бастап үстемақы төленетін болды» дейді. Ол үшін жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінген.

Бұған келіспеген қызметкерлер енді сотқа арыз түсіретінін айтып отыр.

Алматыда қаланың әр ауданында орналасқан 12 жедел жәрдем станциясы бар. Онда барлығы 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның 415-і - тазалық қызметкері мен диспетчер. Олар коронавируспен қарсы күресте вирус жұқтыру қаупі төнген үстемақы төленетін үш топтағы медицина қызметкерлері қатарына кірмеген.

Көктем мен жаз айларында да ондаған медицина қызметкері "коронавирус жұққан науқастарды емдесек те үстемақы алмадық" деп шағымданған. Кейбірі үстемақының дұрыс есептелмегенін алға тартқан.

Қазақстанда заң бойынша коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне үш категория бойынша үстемақы төленеді. Соңғы категорияға енген медицина қызметкерлеріне 200 мың теңгеден астам үстемақы беріледі.

Ресми мәлімет бойынша, 12 830 мың медицина қызметкеріне коронавирус жұққан: 8 339 дәрігердің вирусты жұмыста жұқтырғаны анықталған. 182 дәрігер коронавирустан қайтыс болған.

Коронавирус немесе коронавирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңге, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы беріледі.



#үстемақы #дәрігер #жеделжәрдем #алматы #наразылық 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930