9 қаңтардағы мәлімет бойынша, короновирус жұқтырған 22 830 адам (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) аурудан емделіп жатыр, олардың ішінде 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 283 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар бойынша, 7 қаңтарда 28 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 59 адам жазылып шыққан.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 46 218, өлім жағдайлары - 522, барлығы 33 740 адам сауығып шықты.
#коронавирус #пневмония #карантин #дерт