ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 9 қаңтарда сағат 9.18-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулердің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Магнитудасы - 4.3. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым қашықтықта жатыр. Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.
#жерсілкінісі #дүмпу #алматы #қазақстан #тж