USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев зейнетақы бойынша заң жобасындағы түзетулерге қол қойды

  • 02.қантар.2021, 11:26,
  • 325

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.


Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов ОКҚ онлайн-брифингінде Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емдеуге төлеуге немесе жеке қаржы компаниялары басқаруы үшін беруге пайдалану мүмкіндігін беру жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын хабарлаған болатын.

Вице-министр зейнетақы жинағанынан ақшаның бөлігін мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болатынын атап өткен.


"Үкімет зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайды. Бірінші кезеңде "Отбасы банк" ұсынылады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат емдуледі төлеу үшін зейнетақы төлемдерін төлеудің қағидаларын бейінді министрліктер әзірлейді және бекітеді. Олар - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі. Қаңтарда заңды іске асыруға қажет барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады деп күтудеміз және біз азаматтарға зейнетақы жинағының бөлігін шешіп алуға болатын құқығын ұсынудың толық механизмін бастаймыз", - деді вице-министр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.12.2020
21.12.2020
18.12.2019
01.11.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930