USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тауда қайтыс болған алматылықтың сүйіктісіне жазған соңғы SMS-хабарламалары

  • 16.желтоқсан.2020, 13:29,
  • 550

Алматы тауларында жоғалып кетіп, табылған соң көз жұмған Ерман Байменовтің соңғы SMS-хабарламаларында не жазылғаны жарияланды, - деп "Алматы" телеарнасы.

Еске салайық, 12 желтоқсанда таңғы уақытта Ерман Іле Алатауындағы Титов шыңын бағындыру шығу үшін жалғыз жолға шыққан. Күн батқанша түсіп үлгермеген ер адам адасып, сүйіктісіне "дереу құтқару қызметіне хабарласуды" бұйырған.

"Ол маған былай деп хабарлама жазды: "112-ге хабарласшы, Мен Титов көлінің төмен жағындамын, шыршалар арасында тұрмын". Кейін "Болды, келе жатыр" деді. Оны 23.30-да тапты, бірақ таудың басқа бетінен. Олар айғайлап, қашықтан сөйлескен. Бәрі бақылауда", - дейді Байменовтің сүйіктісі Анар Лебаева.


© instagram.com/ana_stellar

Бірақ таңғы төртте ер адамнан үрейлі аудиохабарлама келген. "Дәл жанымда тұр, маған қарай жақындағысы келмейді. Таудың басқа бетінде тұр. Жарық жағып тұр. Күн шыққанын күтіп тұр", - дейді хабарламада Ерман.

Құтқарушылар оны көрсе де, іздестіруді тоқтатқан делінеді. Алматылық сүйіктісіне қайда тұрғаны туралы мәліметтерді жіберіп үлгерген, кейін телефоны сөнген. Қалалық құтқару қызметіндегілер іздестіру жұмыстары тоқтатылды деген хабарды жоққа шығарды.

"Іздестіру жұмыстары метеорологиялық жағдай қолайсыз болғандықтан, оған қоса таулы жерде жүру қиын болғандықтан күрделенді", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ РЖҚЖ басшысының орынбасары Тимур Ғабдышев.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де іздестіру жұмыстары түнде де, күндіз де үздіксіз жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК. Оның айтуынша, Байменов өзі жіберген геолокациядан бір шақырым қашықта табылған. Ер адамды тапқан сәтте оның жағдайы ауыр болған. Туристі таудан түсіруге де бірнеше сағат қажет болған екен.

"Қандай да бір айғай, дыбыс шыққанын, оны біздің құтқарушылар естігені немесе оның естігені туралы бүгінде бізде растайтын ақпарат жоқ. Екі күн бойында іздестіру жұмысына тікұшақты жұмылдыруға тырыстық. Қазаэронавигация бөлімшеге ұшуға рұқсат бермеді. Алматыда бұл күні бұлт төмен болып, тұман түскен", - деп мәлімдеді Ильин.

Еске салайық, 35 жастағы Ерман Байменовті құтқарушылар екі күн іздеген соң Күмбелсу өзенінің маңында тапқан. Зардап шеккен ер адам ауыр жағдайда болған, оның қол-аяғы үсіп қалған. Төменге түсіру кезінде ер адам қайтыс болған.



#тау #турист #өлім #тжм

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.11.2020
16.11.2020
16.06.2020
15.11.2019
30.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930