USD 512.1
EUR 583.64
RUB 6.5
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өрттен бес баласы қайтыс болған астаналық отбасы ұлды болды

  • 12.желтоқсан.2020, 10:34,
  • 647

Өрт салдарынан бес қызынан айырылған еордалық отбасында ұл бала дүниеге келді. Бұл туралы Тәңірберген Бердоңғаровтың Facebook парақшасында жарияланды.

«Өрт салдарынан балаларынан айырылып, қайғыға батқан Ситер отбасын сәбилі болуларымен құттықтаймын!. Жанымгүл аяғы ауыр болған кезде көз тимеуі үшін бұл туралы ешкімге айтпауымды өтінген еді. Бүгін олардың шаңырағында қуанышты жаңалық! Өмірге ұл келді!», - деп жазды Тәңірберген Бердоңғаров.

Ол ерлі-зайыптыларды ұлды болуларымен құттықтады.

«Сіздерді халық атынан құттықтаймын және ұлдарыңыздың несібесі арта берсін деп тілейміз! Сіздердің қыздарыңызға деген үлкен махаббаттарыңыздың, қарындастарының құрметіне орай лайықты мұрагер болсын! Бұл махаббат оны барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Бауы берік болсын!», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 4 ақпанда Ситер отбасында бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиға болды. Жер үйден шыққан өрт салдарынан олар бес қызынан айырылды.



#өрт #өлім #бесперіште #ситер #жаңаөмір #жаңақуаныш

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.11.2020
16.11.2020
05.07.2020
05.07.2020
16.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30