Жер сілкінісін жергілікті уақыт бойынша 03.49-да "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Хабарланғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,0. Магнитудасы - MPV 5,5. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Саты кенті - 3 балл, Алматы - 2 балл", - делінген ТЖД хабарламасында.