Жаз бойы жолды қазып тастап, белгіленген жұмысты уақытылы аяқтамай, жүздеген үйге жылуды кеш берген «Павлодар жылу желілері» ЖШС шұңқырларды тегістеп, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіруі тиіс еді. Жөндеу жұмысын «Жаса групп» деп аталатын серіктестіктің жұмысшыларына жүктепті. Бірақ олар күн борандатып, қар толассыз жауғанына қарамастан жолға асфальт төсеп, оңай құтылмақ болды.
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям іске араласып, жұмысшылар технологияны бұзып отырғанын ескерткен соң ғана тобықтан асатын қардың үстіне жол салу тоқтады. Енді мердігерлерге бұл әрекеті үшін жауап беруге тура келеді.
Кеше дәл осындай әрекеттер қаланың басқа аудандарындағы жол жөндеу учаскелерінде де байқалды. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшылардың осындай жауапсыздығы мен атқамінерлердің немқұрайлылығы салдарынан бюджеттік ақша жөнделіп, салынған жолдар көпке бармайды. Жапырақтың, қардың үстіне төселген асфальттардың ұзақ уақыт шыдас бермесі анық.
#жапырақ #жол #төсеніш #павлодар #асфальт #жөндеу